"Латын қарпіне көшу Қазақстанның дамуына тың серпін қосады"

Латын қарпіне көшу Қазақстанның дамуына тың серпін қосады. Варшава университетінің профессоры Хиероним Граляның ой-пікірі осындай. Польшалық сарапшы латын қарпіне көшу жөніндегі Жарлыққа қол қойған Президент бастамасының маңызы зор екенін айрықша атап өтті.

ХЕРОНИМ ГРАЛЯ ТАРИХШЫ, ВАРШАВА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Менің ойымша, бұл Қазақстанға басқа елдермен қарым-қатынас бағытын дамытуда үлкен серпін береді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың таңдауы – өте дұрыс. Бұл реформаны енгізудегі негізгі бағытының бірі латынтілді мәдениетке кіру деп ойлаймын.

Қазақ жазуын латын графикасына кезең-кезеңімен көшірудің жөн-жобасын көпшілікке екжей-тегжейлі түсіндіріледі. Мәселен, Жамбыл облысында жыл соңына дейін 1 мыңнан астам түрлі іс-шаралар өткізу жоспарда тұр. Облыстық тіл басқармасы мамандарының айтуынша, аймақтағы қалалар мен аудандарда осы тақырып аясында 400-ден аса кездесу ұйымдастырылған. Одан бөлек, 3 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып отыр. Оған сәйкес, ғалымдар мен тіл жанашырлары ауыл тұрғындарымен кездесіп, маңызды мәселенің қажеттілігін түсіндіреді. Сондай-ақ, жастардың күшімен түрлі акциялар да қолға алынып жатыр. Мамандар ел арасында бұл мәселе үлкен қолдауға ие болып отырғанын айтады.

АЙСҰЛУ ТҰРАРОВА, ТАРМПУ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

 - Біздің өзіміздің жазу-сызуымызға лайықты екендігі, оның маңыздылығы және ғылыми принциптерінің бар екендігін айтуға болады. Біздің сол төл әдебиетіміздегі, төл ғылымымыздағы бұрынғы кезеңде жазылған дүниелеріміздің барлық құндылықтарын, маңыздылығын түсінетін боламыз.