Алматыда «Көшпенділер әуені» атты домбыра мен қобыз тартатын жас орындаушылардың бірінші Республикалық байқауы өтті. Өнерпаздар жарысын «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Чайковский атындағы музыкалық колледжі ұйымдастырған. Шараға еліміздегі музыкалық оқу орындарының ең үздік студенттері қатысты. «Байқау – ұлттық музыканың дамуына серпін беріп, сазгерлердің шабытына шабыт қосады»,-дейді ұйымдастырушылар. Байқауға Елмұрат Үсенов, Раушан Мұсақожаева, Шолпан Заданқызы сынды өнер қайраткерлері төрелік етіп, жастардың өнерін бағалады.

ЛАУЛА ШЫНЕМІСОВА, П.ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

 - Байқаудың басты мақсаты - жас орындаушыларды сахнаға шығару, мүмкіндік беру, және ұлттық аспаптарды насихаттау, дамыту, қазақтың музыкасын, халықтың күйлерін естірту.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер