Еліміздегі латын қарпіне көшу үдерісі әзербайжандық филологтардың назарынан тыс қалмады.

РАМИЗ АСКЕРОВ, ПРОФЕССОР, БАКУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮРКІТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Бұл әріптерді біріктіруге қарағанда, жақсы шешім. Мәселен, H әріпін қоспай, Ш әріпін S’ деп, Ч әріпін C’ деп жазған дұрыс. Енді алға қадам жасап көру керек. Оқу үдерісінде қолданып, бала оны қалай қабылдайды, соны бақылау керек. Содан соң, жаңа ұсыныстар да ойлап табуға болады.

Сондай-ақ профессор бұл түркі халықтарының әдебиетін жақындастырып, оқылуын жеңілдетеді дейді. Әзербайжандық ғалым Фируза Агаева да талқылау жұмыстарына белсенді қатысып жүргендердің бірі. Оның айтуынша, 1926 жылы түркітанушылар конгрессінде қабылданған жалпы түрік әліпбиінің қағидаларын бүгін де қолданысқа енгізуге болады.

ФИРУЗА АГАЕВА, БАКУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Әліпби – түркі халықтарын біріктіреді. Егер олар қабылданған жалпы түрік әліпбиінің қағидаларын ұстанса, біз бір-бірімізді жақсы түсінетін едік. Тіпті бұл арқылы еуропа мәдениетіне жақындай түсеріміз хақ.

Осылайша, ғалымдардың ойы бір жерден шықты. 32 әріптен тұратын әліпби қазақ тілінің фонетикасын толығымен бейнелейді. Зерттеушілердің пікірінше, қазақ тілінің ерекшелігі көне түркі тіліндегі сөздердің болуында екен. Сол себепті латын қарпіне көшу арқылы тарихи сөздер ұқсас тілдерге еркін қабылдануға мүмкіндік береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер