Шымкенттік ғалымдар мен филологтар латын әліпбиіне көшу әдістемесін әзірлейді. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты проректорының міндетін атқарушы Еркін Махашевтың айтуынша, қазір олар қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін сақтау бойынша ізденіп жатыр. Тіл мамандарының әдіс-тәсілдер жиынтығы балабақша және бастауыш сынып балаларына арналады. Топ мүшелерінің пайымынша, латын әліпбиі – тың технологиялардың тілі.

ЕРКІН МАХАШЕВ, ОҚМПИ ПРОРЕКТОРЫНЫҢ М. А.:

 - Ғалымдар латын әліпбиіне көшудің әдістемесін жазып жатыр. Бұл жерде жастардың да үлесі зор. Латын әріптерін сауатты қолдану үшін тиянақты болу керек. Өйткені, қазақша жазу жоғалмай, ұлттық код сақталуы тиіс.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер