Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Сонымен кириллицадан латын графикасына көшіруді қамтамасыз ету мақсатында талқыдан өтіп, таңдау жасалған қазақ тілі әліпбиін бекіту жөнінде қаулы етілді. Осы қаулыға сәйкес, ел Үкіметі қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде ұлттық комиссия құрады. Сондай-ақ, 2025-інші жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз етуі тиіс. Жарлықты іске асыру үшін өзге де ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданады. Оның орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер