Латын әліпбиіне көшу Қазақстанды әлемдік ақпарат кеңістігіне шығарып қана қоймай, түркітілдес мемлекеттермен ынтымақтастықты бекемдей түседі. Әзербайжандық саясаттанушы Ахмед Алили осылай дейді. Оның пікірінше, Қазақстан латын қарпін қабылдаса, тілі мен мәдениеті жақын түркітілдес халықтарының достығы нығаяды.

АХМЕД АЛИЛИ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Қабылданатын жаңа дыбыстар мен таңбалар қазір әзербайжан, түркия халқы пайдаланатын таңбаларға ұқсас болғаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл біздің халықтар арасындағы түсіністікті арттырып, түркітілдес елдермен қарым-қатынасты терең дамытар еді.

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінен өзге тілдерге еш нұқсан келмейді. Қайта ол көпұлтты Қазақстан халқының береке-бірлігін, ынтымағын арттыра түседі», дейді Талдықорғандағы ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері. Аталған мәселеге арналған жиында латын әліпбиіне қайта оралу жайы қызу талқыланды. Сондай-ақ, оның интеграциялық үдерістерді біршама жеделдетіп, тілдік кедергілерді жоюға оң ықпал ететіні айтылды. Елімізде латын әліпбиінің екі түрлі варианты ұсынылғаны белгілі. Бұл мәселеде міндетті түрде ғалымдардың пікірімен санасу керек,-дейді ассамблея мүшелері.

ҒАБИТ ТҰРСЫНБАЙ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазір біз сол әліпбидің қайсысы тиімді, қалай еткенде біз осы оңай әрі болашақта қолдануға тиімді әліпбиді пайдаланамыз деген мәселені талқыға салып отырмыз. Жалпы бұл латын әліпбиіне көшу дегеніміз әлемдік интеграцияға қазақ тілінің тікелей, ешбір тілдің аралық кезеңінен өтпей интеграциялануына жол ашады деп сенеміз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер