Домбыраның алғашқы үні және ұлы дала әуендері. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құрманғазы оркестрінің музыканттары мен «Астана Опера» театрының артистері Парижде өнер көрсетті. Отандастарымыз Франция астанасындағы беделді Вилль Пьер Карден театрында төл өнерімізді таныстырды.

АРМАН ЖҮДЕБАЕВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ОРКЕСТРДІҢ БАС ДИРИЖЕРІ:

 - Күйімізден бастап, үлкен біздің Қазақстанымыздың композиторларының кең науқанды шығармалары орындалады. Француз халқы қазақ музыкасын, қазақ шығармаларын өте ерекше қабылдады, ілтипаты бізге үлкен әсер берді. Бұл жерде  біздің қазақтың өнерін, соның ішіндегі қазағымыздың дәстүрлі өнерін осы шет мемлекеттерге көрсету, соны таныстыру.

ПЕТР ШЕРЕМЕТЬЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Концерттен тамаша әсер алдым. Сіздің елдеріңізге жасаған сапарларым бірден есіме түсті. Қайтадан сонда кетіп қала жаздадым. Мәдениет арқылы болса да, өзімді Қазақстанның бір бөлшегі ретінде сезінгеніме қуаныштымын. Сіздердің елдеріңіз маған қатты ұнайды. Көп-көп рахмет!

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Майра Мұхамедқызының Сильва операсынан орындаған ариясы француздарды тәнті етті. Қазақтың атақты сопраносы «Гранд Операда» алғаш өнер көрсеткен кезінен бері жергілікті жұрттың сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген.

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АРТИСІ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

 - Қазақстан бүкіл әлемге қарқындап, дамып жатқан елдердің алдында келеді. Біз жас мемлекет болсақ та, қазір өзіміздің өнерімізді, Қазақстан міне биыл ЕХРО әлемге танытып жатыр. Ал енді казіргі елімізде болып жатқан үлкен науқан – «Рухани жаңғыру». Сондықтан осы бағдарламаға сай, біз де қазақтың өнерін, мәдениетін Еуропаға, мен ойлаймын, әлем сахнасында біздің еліміздің көк туы да өнерде әлі биіктеп жаңғырады!

ФРЕДЕРИК БРЕССАН, КӨРЕРМЕН:

 - Тамаша концерт болды. Француз жұртшылығы өнер арқылы Қазақстанмен етене таныса алғаны керемет емес пе? Сіздердің жезтаңдай әншілеріңізге дән ризамыз. Олардың Парижде өнер көрсеткені дұрыс. Қазақстанды осындай жетістігімен құттықтаймын.

Көрермендер отандық өнерпаздар сахнаға әр шыққан сайын қошеметін аямады. Құрманғазы, Дәулеткерей туындыларының үні, композитор Арыстанбек Мұхамедиұлының әні мен Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған «Сендай қазақ баласы» - француздардың таңдайын қақтырды. Жергілікті халық қазақстандық орындаушыларға зор ықыласын білдіріп, қимай қоштасты.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер