Латын қарпіне көшу үрдісі Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарына қосылуын тездете түспек. Германиялық саясаттанушы Маттиас Дорнфельд біздің елдегі бастамаға қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл өзгеріс барлық салаға, оның ішінде білім беру жүйесіне де үлкен мүмкіндіктер ашады.

МАТТИАС ДОРНФЕЛЬДТ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Менің ойымша латын қарпіне көшу - дұрыс қабылданған шешім. Бұл тұрғыда табысты мысалдар келтіруге де болады. Мәселен, 1928 жылы Түркия араб әрпінен латын жазбасына көшкен еді. Әзербайжанда да дәл солай. Бұл араб алфавиті мен кирилиццаның түркі тілдерін жеткілікті дәрежеде көрсете алмайтынына дәлел болмақ. Ең маңыздысы – жаңа реформа Қазақстанның озық 30 елдің қатарына ену мақсатын жеделдете түспек. Сондай-ақ, бұл қадам шет тілдерін меңгеруді де жеңілдетеді. Әрі жас ұрпақтың сапалы білім алуына даңғыл жол ашады деген ойдамын.

Ал Пусан шет тілдері университетінің профессоры Ву Дук Чан «қазақ әліпбиінің латын қарпіне ауысуы оның әлемдегі танымалдылығын арттыра түседі» дейді. Бұл жоғары оқу орны қазақ тілінің реформасын қостап отыр. Тіпті орталықазиялық зерттеу факультетіндегі Абай пәнінің оқыту тілін өзгертуді де жоспарлап қойған. Профессор студенттер қазақ тілін меңгеру үшін алдымен орыс алфавитін жаттайтын, енді бұл оңайға соғады дейді. Себебі Оңтүстік Кореяның барлық мектебі алдымен ағылшын тілін үйретеді.

ВУ ДУ ЧАН ПУСАН, ШЕТ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /КОРЕЯ/:

 - Мәселен менің жасым 60-та. Бірақ маған түрік тілін үйренген оңайырақ, себебі мектепте неміс немесе француз тілдерін өткен едік. Сол сияқты кириллицаның латыншаға ауысуы тілді меңгеруді жеңілдете түседі. Латын қарпі үйреншікті әліпби ғой.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер