Ұлыбританияда студенттер Елбасының рухани жаңғыру туралы мақаласын талқылады. Басқосу барысында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Президент атап көрсеткен негізгі ұстанымдардың маңыздылығы мен өзектілігін айтты.

ИСАТАЙ МІНУАРОВ, «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТИПЕНДИАТЫ:

 - Президент өз мақаласында айти саласында, компьютер саласында латын алфавиті - әлемдік, дамыған елдер қолданатын алфавит деп айтты. Сондықтан да бізде оны жаһандану үрдісінің бір бөлігі болуға бір себін тигізеді деп ойлаймын. «Болашақпен» оқитын қазақстандық студенттер латын алфавитіне көшу идеясын толықтай қолдайды.

Манчестер университетінде оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуге Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова қатысты. Жиналғандардың пайымдауынша, Мемлекет басшысының мақаласы өскелең ұрпақтың рухани бет-бейнесін айқындауға бағытталған бірегей бастама. Жастар шынымен де бәсекеге қабілетті, прагматизм және білімге деген құштарлық сияқты қасиеттерді өз бойларында дамыта білулері керек. Шет тілдерді меңгеру, мәдени ашықтық және компьютерлік сауаттылық елдің экономикалық тұрғыда жалпы дамуына ықпал етпек.

НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

 - Әлемнің озық оқу орындарында оқып жатқан жастар елімізді технологиялық тұрғыда жаңғыртады деп үміттенеміз. Өйткені олар заманауи білім алған адамдар болып есептеледі және индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын, экономиканы және қоғамымызды цифрландыру ісін, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселесі солардың мойнында.

Ұлыбританияның ең озық оқу орындарының бірі - Манчестер университетінің 25 түлегі мен қызметкерлері Нобель сыйлығының иегері болғаны белгілі. Мұнда бүгінгі таңда 100-ге жуық қазақстандық білім алып жатыр. Айта кетер жәйт, 2004 жылы дәл осы университеттің ғалымдары графенді ойлап тапқан. Графен – атом сутегісінің жалғыз қабатынан тұратын және болаттан да берік материал. Болашақта энергия өндіру мен тұтыну әдісін түбегейлі өзгертетін графен Астанада өткен EXPO 2017 халықаралық көрмесінде британиялық павильонда жұртшылық назарына ұсынылған болатын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер