«Латын қарпі арқылы әлем Қазақстанды жете тануға мүмкіндік алады». Бұл неміс ұлттық мәдени бірлестігінің төрағасы, қоғам қайраткері, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Александр Думлердің пікірі. Өйткені қаріп бір болғандықтан латын алфавитін пайдаланатын мемлекет тұрғындарының қазақ тілін меңгеруіне мүмкіндік молаяды. Қазіргідей жаһандану үрдісі, ақпараттық технологиялардың дамыған заманында латын қарпіне көшуіміз стратегиялық маңызды мәселе, дейді депутат.

АЛЕКСАНДР ДУМЛЕР, «ВИДЕРГЕБУРГ» НЕМІС ЭМБ ТӨРАҒАСЫ:

 - Мен өз отбасымнан-ақ нақты мысал келтірейін. Ата-әжелерім өткен ғасырдың 30 жылдарында Қарағандыға жер аударылды. Ол кезде Қазақстанда латын қарпі қолданыста болатын. Міне осы латын алфавитінің арқасында ата-әжем үш-төрт айдың ішінде қазақ тілін жетік меңгеріп алды, өйткені олар Германияда бұған дейін де латын қарпін пайдаланып келген болатын. Сондықтан латын алфавитіне ауысу Қазақстан үшін экономикалық қана емес халықаралық қатынастарды дамытуға жаңа жол ашады.

Ал елордада бас қосқан ғалымдар «латын қарпіне көшу сияқты сәулелі сәттердің белең алуы біздің болашағымызды баянды ете түседі», дейді. Әліпбиді ауыстыру – жаһандану тұрғысында жасалып жатқан әрекеттердің бірі. Бұл мақсатта тиісті мамандар тер төгіп, нәтижесінде ұсынылған нұсқа бұл күндері көптің көңілінен шығып жатыр.

РАҚЫМЖАН ТҰРЫСБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Латынға көшу - бүгінгі уақыттың талабы. Өркениеттің талабы. Біздің даму үдерістерімізге сай келеді. Ең бастысы сөз жоқ латын қарпіне біздің рухани жаңғырумыздың жарқын көріністерінің бірі. Біз тек қана осы бағытта үлкен кішіміз болып, тұтас халық болып алға бет бұруымыз керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер