Білім қуған  жігерлі жастар елордада бас қосты. Астанада «Жас көшбасшы-2017» құрылтайы өтті. Отырыста еліміздің жер-жерінен жиналған белсенді оқушылар «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының қыр-сырын талқылап, ұлттық жобаны жүзеге асырудағы қосар үлестері жөнінде әңгіме өрбітті. Ел ағалары шәкірттерге елжандылық тақырыбында дәріс оқып, ақыл-кеңестерінен аянбады. Сондай-ақ, аймақтарда орын тепкен «білім инновация» лицейлерінің 36 мектеп президентінің әрбірі өзімен  әлеуметтік жобаларын ала келіпті. Негізінен сала аясындағы заманауи оқу әдістеріне қатысты тың зерттеулерімен бөлісіп, жұмыстарын қазылар назарына ұсынды. Осылайша, көшбасшылар өзара тәжірибе алмасып, шеберлік байқасты.

НҰРБОЛ ТӨЛЕБАЕВ, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Балалар өздерінің жобаларын көріп, ішіндегі ең пайдалы жоба қайсысы болса, соны өз мектептеріне апарып жүзеге асырады. Мысалы бұл оқушылардың ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасыларға көмек немесе ағылшын тіліне байланысты басқа мектеп балаларына тіл үйретуге, өз білімдерін солармен бөлісу мақсатында көмектеседі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер