«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына онлайн дауыс беру басталды. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары Алан Әжібаевтың айтуынша, әлеуметтік жобаға 2 мың 112 үміткердің өмір жолы туралы мәлімет келіп түскен. Соның ішінен 300-ден астам үміткер таңдалды. Көпке үлгі болар ел азаматтарына 100esim.el.kz сайтында 10 қарашаға дейін дауыс беруге болады. Айта кету керек, бұл жоба елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік жоба болашақта жалғасын табуы мүмкін.

АЛАН ӘЖІБАЕВ ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Өздеріңіз білетіндей, «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бағытындағы бағдарламалардың бірі – «100 жаңа есім» жобасы болатын. Еліміздің ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, қатысушыларды іріктеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Жұмыс тобы мен сарапшылар ғаламторда дауыс беру үшін 302 адамды таңдап алды. Біз барша халықты өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз. Олардың әрқайсы – өмірі үлгі боларлық адамдар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер