Қоғамда қазақ тілінің латын әліпбиіндегі екінші нұсқасы да қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл ретте, саяси қайраткерлер мен сала мамандары ой-пікірін ортаға салып, жан-жақты түсіндіру жұмыстарына кірісіп те кетті.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Ешбір басқа мемлекетте, ешбір басқа тәжірибеде болмаған нәрсе жалпыұлттық талқылау өткені. Жалпы ұйымдастырғанының өзі осы реформаның деңгейін көтеріп жіберді. Қазір әлеуметтік желілерді қарасақ, бұрыннан гөрі аз болса да пікір алмасулар бар. Соны аяғына дейін бітірсек, дайындалған нұсқасына келеміз.

ӘЛІМХАН ЖҮНІСБЕК, А.БАЙТҰРСЫНОВ АТ. ТІЛ ҒЫЛЫМЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Кеше таныстырылды. Бүгін іске асырайық деген болған жоқ. Елбасының өзі айтты. Көпшілік танысу керек. Олардың пікірін білу керек деген. Сол жобамен көпшілікті таныстыру керек. Әліпби құрамы қалай, үйретудің оқу-әдістемелік деген мәселе.

Ал Павлодар облысында ақпараттық-насихаттық топ аудандарды аралап, халықпен жүздесуді бастап кетті. Олар латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын жергілікті тұрғындармен талқылауды жөн санапты. Ауыл халқы да бұл жаңашылдықтың қалай жүзеге асатындығы жөнінде сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

ЕРҚАНАТ ҚАЙКЕН, МАЙТҮБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Заман талабына сай  IT-технология  компьютерлік заманға сәйкес мына қазақ, бұрынғы кириллица әрпінен латын әліпбиі тектес қазақ әліпбиін құру.  Жаңағы технология заманына батыс еуропа экономикасының дамуына сәйкес нақты артық ерекшеліктеріне тоқта, жаңағы өзіндік ерекшеліктерімен артықшылығын айтып өтті.

АЙБЕК ОРАЛҚАНОВ, «ХАЛЫҚ» РАДИОСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

 - Жаңағы осы тұрғылықты халықтың белсенділігі байқалды. Өйткені жастардың ішінен бес-алты жас шығып өзінің пікірін өзінің ойын айтып сұрақтарын қойды және сол сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар бүгін көнекөз қариялар да бар. Бұл да бір ойласақ еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қауым жиналып өзінің пікірін ортаға салды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер