Жобаларды басқарудағы тың технологиялар. Отандық мамандар «Жаңғыру»  бағдарламасы бойынша оқудан өтуде. Мақсат – сапалы білім беру арқылы адами капиталды дамыту, бизнесті сәтті жүргізу мен әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау. Жобаға 21-35 жас аралығындағы кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар маркетинг, нетворкинг, бизнестегі заңнама сынды тақырыптар бойынша дәріс алды.

ИВАН ЧУБИСОВ, ДӘРІСКЕР (PMT КОМПАНИЯСЫ):

 - Біз өз семинарларымызда жобаларды басқару бойынша әлемдік тәжірибемен бөлісеміз. Олардың арқасында аз уақытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бәсекеге қабілетті болу мен проблемаларды тиімді шешу жолдарын қарастырамыз.

«Жаңғыру» бағдарламасына қатысушылар бизнес-кейстерді шешу байқауына да қатыспақ. Жеңімпаз МВА бағдарламасына грант ұтып алады. Өзге жүлделі орындар үшін де МВА -де жеңілдіктер қарастырылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер