Қазақ тіліндегі латын әліпбиінің екінші нұсқасы да қоғамдық талқыға салынуы керек. Арнайы құрылған жұмыс тобының төрағасы Ерден Қажыбек осылай дейді. Оның айтуынша, жаңа алфавит нұсқасы қоғамда қызу пікірталас тудырғандықтан, төл дыбыстарды таңбалау тәсілі өзгерген. Осыны ескерген Президент те ел үшін аса маңызды міндетті жан-жақты зерделеп қана, жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

ЕРДЕН ҚАЖЫБЕК, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қосар дыбыстар шынында жұртшылық тарапынан көп сұрақтар туындағаны рас. Сондықтан елге бір жеңілдеу жолмен төл дыбыстарды таңбаласақ деген ұсыныс ұсынылып отыр. Бұл дәйекше түріне А.Байтұрсынов та ерекше назар аударған. Және Елбасы біз қазір талқылап жатырмыз. Ертең бірден іске асырамыз деп ойламаңыздар. Әлі де талқыланады.

Білім және ғылым министрлігі де әліпбидің нақты нұсқасы қабылданған соң ғана оны енгізу жұмыстары кешенді түрде жүргізілетінін хабарлады. «Ол үшін мұғалімдер де арнайы курстан өткізілуі мүмкін», - дейді жауапты сала басшысы.

ЕРЛАН САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

 - Енгізу кестесін депутаттармен және халықпен ақылдасып Елбасына көрсету керек. Әрі қарай бәрі бір келісімге келсе, латын график арқылы жұмыстарды жалғастырамыз. Ең алдымен мұғалімдерді дайындаймыз. Мұғалімдер жеткілікті болғанда өздері айтса енгізуге болады деп жұмыстарды бастаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер