Елордада танымал қазақстандық жазушы Ғаділбек Шалахметовтың «Бесінші түс» кітабының тұсаукесері өтті. Жаңа туындыда 19-шы, 20-шы және 21-ші ғасырлардағы оқиғалар сипатталған. Бірнеше тарихи кезең қамтылған танымдық еңбек Каспий теңізінен Волга өзеніне дейінгі аумақта мекен еткен адамдардың шынайы достық қарым-қатынасы мен ортақ тағдырын баян етеді. Автор қазақ пен орыс ұлттары арасындағы мәдени байланысты дәйекті деректер келтіріп, әдемі суреттей білген. Кітаптың желісі орыс ойшылы Чернышевский мен қазақ ағартушысы Мұхамеджан Бекмұхамбетов арасындағы әңгімеден өрбиді.

ҒАДІЛБЕК ШАЛАХМЕТОВ, ЖАЗУШЫ:

 - Чернышевский Астраханьға келген әңгімеден барлығы басталады. Сол кезде бізге 5 күн қонақ боларсың деп әңгіме үстінде қандай оймен, қандай пікірмен, біз қандай өмірге жеттік, жаңа Қазақстанға қалай келдік деген сауалдарға кітап жауап береді.

«Бесінші түс» кітабының алғашқы таныстырылымы өткен айдың соңында Мәскеу қаласында өтіпті. Қалың оқырманға жол тартқан туынды ресейлік ғалымдар мен сыншылардың оң бағасын алды. Ғаділбек Шалахметов – ұлтаралық келісім тақырыбындағы бірқатар тырнақалды кітап пен деректі фильмнің, 300-ден астам ғылыми және публицистикалық мақаланың авторы.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер