Қызылордалық мектеп оқушылары үшін халқымыздың классик ақын-жазушыларының алғашқы шығармаларын латын қарпінде оқуға мүмкіндік туып отыр. Облыстық «Ақмешіт» тарихи-өлкетану мұражайында Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Есенберлин секілді ұлтымыздың ұлы жазушыларының 90 жыл бұрын жарық көрген шығармалары аз данада сақталған.

РАИСА АЛДОҢҒАРОВА, ЭКСКУРСОВОД:

 - Бұл таза латын қарпінде жазылған. Абай Құнанбайұлының бұл кітабы 1891, 92, 94, 96 жылдары латын әріптерімен жазылған өлең жинақтары кездеседі. Бұл дегеніңіз 1891 жылдары да латын қарпі қолданыста болған дегенді білдіреді. Біздің ұлы Абай Құнанбаев та бүкіл шығармаларын латын әріптерімен жазды деген ойға келеміз. Бұл кітап бізде негізінен түпнұсқа күйінде сақталған.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нағиша Есбосын музейдегі кітаптарды топтастырып, түрлі тақырыптарға арналған оқуларды жиі ұйымдастырады. Ұлағатты ұстаз: «аталған еңбектерді өскелең ұрпаққа оқыту арқылы тарихи және рухани құндылықты да қатар дәріптеуге болады»,-дейді.

НАҒИША ЕСБОСЫН, ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

 - Соны балаларға тереңірек түсіндіру үшін, мен, «Қазақ тілі латын әрпімен кеше, бүгін, ертең» деген сабақ өттім. Кеше деген бөлігін Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» мұражайындағы 1929-1940 жж аралығында біздің қазақ тілі латын графикасымен болған тұстағы басылған, Абай мен Ілияс Жансүгіровтің өлеңдер жинағы және сол кездегі БАҚ-тағы метериалдарды балалар сол жерде қолдарымен ұстап көріп, сол уақыттағы графикамен жазылған сөздерді оңай оқыды, қызыға оқыды.

Латын қарпі бүгінгі мектеп партасындағы балалар үшін қиындық тудырмайтыны анық. «21-ғасыр – ақпарат пен технология заманы» десек, еліміздің бұл бастамасы уақытында қабылданған дұрыс шешім екендігі сөзсіз.

АЙГЕРІМ ЖАҚСЫЛЫҚ , ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТТЫҢ ОҚУШЫСЫ:

 - Қазір латын графикасына көшу - заман талабы. Себебі латын графикасы жаңа технологиялық ортаның, білім мен ғылымның, коммуникацияның ерекшелігіне айналып отыр.

Әліпбиді ауыстыру жөніндегі реформаны қоғам түсіністікпен қабылдап, қолдап отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер