«Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілінің ахуалы қалай болмақ?» деген мәселе қоғамда қызу талқылануда. Халық арасында түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, ғалымдар қауымы жаңа графиканы енгізуге қатысты ойларын ортаға салып жатыр. Көпшілік бұл бастаманы қолдап отырғанын айтады. Қоғам белсенділерінің пікірінше, бұл ана тіліміздің  халықаралық деңгейде танылуына жол ашып, әлемдік өркениетке жетелейді. Бастама мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтумен қатар сирек кезігетін көне жазбаларды танып, сырын зерттеуге мүмкіндік бермек.

КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Латын әліпбиіне көшкен кезде әрине біздің өрісіміз кеңейеді деп  ойлаймыз. Философия жағынан терең ойларды оқитындай, көне дәуірден келе жатқан, орта ғасырлық философтардың туындылары енді бізге өз байлығын ашып, біліміміз басқа деңгейге көшеді деген сенімдеміз.

АНДРАШ БАРАНИ, ВЕНГРИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

- Менің білуімше, қазақ тілінің тарихы алдымен арап, кейін латын, артынша кирилица графикасына алмасты. Сондықтан бұл бастама жаңа қаріпке көшу емес, өткен тәжірибеге қайта оралу деп санаймын. Ол көпшіліктің қалауы, халық өз таңдауын жасауы тиіс.  Біздің халықтардың тарихы ортақ. Енді міне тілдерімізде  латын әліпбиіне негізделіп бірдей графикада жазылатын болады.

Шынымен латын қарпі қазаққа жат емес. Өткен ғасырдың 1929-1940 жылдарында ұлт зиялыларының бастауымен осы әліпби қолданылды. Ал бүгінгі таңда жер бетіндегі халықтың тең жартысы латын графикасын  пайдаланады. Әлемдегі ақпараттардың 70% латынша беріледі.  Сол себепті де латын қарпіне көшуден еліміз ұтпаса, ұтылмасы анық. Қоғамның пікірі осыған саяды.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер