Латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениеттің тіліне өтумен пара-пар. Себебі білім мен ғылымда ағылшын тілі мен латын қарпі қатар қолданылып келеді. Бұл – Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институтының бірінші проректоры Баршагүл Исабектің пікірі. Оның айтуынша, латынға көшу жастардың әлем тілдерін меңгеруіне септігін тигізеді. Екіншіден түркі тілдес мемлекеттерінің бірігуіне жол ашады. Тәуелсіздік алған тұста түркі тілдес халықтардың көбі әліпбиін латынға ауыстырған болатын. Қазірдің өзінде жоғары оқу орындарының ұстаздары шетелдік әріптестерімен латын тілінде хат алмасуда. Ендігі жерде бізге тіліміз бен ұлтымыздың ерекшегін сақтай отырып жақсы бір әліппе жасау қажет.

БАРШАГҮЛ ИСАБЕК, ОҚМПИ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ:

- Бір кездері 1929-1940 жылдары латынды қолданғанбыз. Яғни мұны латын әрпіне оралу деп түсінеміз. Латынға көшу арқылы әлемдік өркениеттегі ғылым білімнің тіліне көшеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер