Семейлік ғалымдар латын әліпбиіне көшсек, ұтатынымыз көп болады деп есептейді. Өткен ғасырдың 30- жылдарында қолданыста болған бұл қаріптер жұртымыз үшін жат дүние емес. Сондықтан тәжірибеде бар әліпбиді қайта жүзеге асыру – заман талабы ғана емес, тарихи әділеттілік деп есептейді абайтанушы ғалым Асан Омаров. Оның іпікірінше, қазақ тілінің ерекшеліктерін сақтау үшін де өткенге көз жүгіртіп, салиқалы шешім қабылдау керек.

АСАН ОМАРОВ, АБАЙТАНУШЫ:

- Біз латынды жаңадан алмаймыз, біз латынға қайтып ораламыз. Біріншіден, менің ұсынысым, сол 30-шы, 40-жылдардағы латынды мықтап ескеру керек. Негізінен соған сүйену керек. Халық үйренген. Ол өзін өзі өте жақсы көрсеткен. Ешқандай қиындық болмаған. Екінші мәселе. Кейбір әріптерді қиындық болғанда Ө-нің орнына ОЕ деп 2 үлкен әріппен жазғанша ноқатпен шешу керек. Ноқатпен шешу – ол біздің араб әліпбиінен келген дағдымыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер