Туыстас қазақ пен татар тілдерінің тарихы да бір. Қазақ тілі сияқты татар тілі 1927 жылдан бастап 1940 жылға дейін латын әліпбиіне көшкен. Бар жоғы 13 жыл ішінде республикада көптеген ғылыми және көркем шығармалар латынша жазумен жарық көріп үлгерген.

Бүгін Татарстанда латын әліпбиі ресми хаттарда қолданылып жүр. Тіпті, кейбір егде жастағылар әлі де латынша жазатын көрінеді. 

СУЛЕЙМАН РАХИМОВ, ТАТАРСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл шағын заң. Егер азамат мемлекеттік немесе муниципалды органдарға араб немесе латын жазуымен хат жазса, онда мемлекеттік органдар ресми тілдерде жауап беріп, мүмкіндігінше азамат қолданған жазуда қосымша қосуы керек. Мұндай жағдай орын алып тұрады, мұрағатқа да осындай хаттар келеді.

Сондай-ақ, Татарстандағы қазақтар Елбасының «Рухани жаңғыру» жайлы бастамасын талқыға салуды жоспарлап отыр. Олар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін - қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған бағалы қадамға балайды.

САГИТ ДЖАКСЫБАЕВ, ТАТАРСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Бұл халықтың рухани жаңғыруына бастау болары сөзсіз. Сондықтан жұртты жаңару мен жаңғыруға дайындау керек. Қазақстан қазір осыны қолға алып жатыр.

Татарлар да, қазақтар да мұны заман талабы деп санайды. Ал, ғалымдар мұндай лингвистикалық реформа мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деген пікірде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер