Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы бастамаға Татарстан ғалымдары өз пікірлерін білдірді. Татар тілі 1927 жылдан бастап 1940 жылға дейін латын әліпбиіне көшкен. Ал бүгінгі күні елде латын әліпбиіне немесе яналифке оралу мәселесі қайтадан қарастырылып жатыр. Лингвисттердің айтуынша, жаңа жүйе арқылы түркі тіліндегі ерекше дыбыстарды жеткізу жеңіл болмақ.

МИРФАТЫХ ЗАКИЕВ, ФИЛОЛОГ, ТР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Біз сөздің ұдайы латын қаріпінде жазылуы үшін жақсы әдіс-тәсілдерді ұсынамыз. Түрік тіліндегі ерекше дыбыстарды латын әліпбиінде бірнеше әріптермен берсек, жазылуы жеңіл болады. Меніңше, бұл дамуға жол ашады. Өйткені, басқа қаріптерге қарағанда латын әліпбиіндегі хаттардың ғұмыры ұзақ, өміршең келеді.

Латын әліпбиіне өту қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге ықылас танытқан жастарды біріктіреді. Себебі латын қаріптері ағылшындікіне ұқсас келеді. Осы арқылы ана тіліміздің мәртебесі де артады,-дейді Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жастар ресурстық орталығының белсенділері. Елбасының латын қарпіне өту бастамасын қолдаған Күнгей жастары орта және жоғары оқу орындарында бірнеше кездесулер өткізген. Алда «Сен латынды білесің бе?» тақырыбында акцияны қолға алмақ. 5 мың жас қатысатын іс-шара қаладағы ірі сауда үйлері мен халық көп жүретін көшелерді қамтымақ.

МАДИЯР ҚОНДЫБАЕВ, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Әлеуметтік парақшаларда бір-бірімізбен сөйлескен кезде біз көп жағдайда сол латын һәрпін пайдаланып хабарласып тұрамыз. Тіл меңеруде оңайлық тудырады. Үш тілді меңгеру қалыпты жағдайға айналып жатыр. Ағылшын тілін білуге 50-70 пайыз көмектесер еді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер