Әлемдегі геологиялық қабаттардың ең көне бөлігі Зайсан қазаншұңқырында орналасқан. Мұндай деректер ел шығысында жүргізіліп жатқан палеонтологиялық қазба жұмыстары барысында мәлім болды. Алғашқы олжа – ТМД ғалымдары тапқан көне динозавр сүйектері. Тіпті керік, қолтырауын, семсертісті жолбарыс, динозавр дәл осы мекенде тіршілік еткен. Бүгінге дейін аумақтан 200-ге жуық жануар сүйегі табылған. Олардың 30 пайызы бұрын еш жерде кездеспепті.

БОЛАТ БАЙШАШОВ, ПАЛЕОНТОЛОГ:

 - Миоценнің соңғы кезі гипореон фаунасы деп аталады. Сол кездерде тіршілік еткен жануарлардың сүйектерін биыл қазып жатырмыз. Бұл жерде былтыр да, биыл да шығып жатқан мүйізтұмсықтың 2 түрі бар. Хилонтерий және синотерий деген бір тістісі, екіншісі хилотерий мүйізтұмсықтың 1 түрі. Соның көлеміндей болады.

Қазаншұңқырда жүз жылдан бері зерттеу жұмыстары жүргізілген. 80-ге жуық қазба орнынан бор дәуірінің аяғынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі жануарлардың қалдығы табылған. Зайсандағы тың жаңалықтар әлем ғалымдарын да бей-жай қалдырмады.

ФЕМИСТОКЛ ЖҮНІСОВ, ТАРИХШЫ:

 - Зайсанкөлдің маңайындағы Еспе, Құсты деген жерлер полентологиялық қазбаларға бай. Бір жағы Зайсан көлінің арғы жағы Қиын керішпен жалғасып жатыр. Крокодил мен қалталы жануарлардың екі түрінің сүйегі табылып отыр.

Ал ең соңғы олжа – көне мүйізтұмсық - синотерияның тісі енді Зайсандағы облыстық өлкетану мұражай келушілерінің көзайымына айналмақ.

Туған өлкенің тарихы тереңде. Оны зерделеп, танып-білуде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үлесі зор. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер