«Жаһандану дәуіріндегі ұлттық код пен бірегейлік». Елордаға әлемнің 7 елінен келген мамандар Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми сарапшылар кеңесінде осы тақырыпты талқылады. Жиналған қауым жаһандану заманында халықтардың бірегейлігін, мәдени мұрасын сақтап қалу жолдарын қарастырды. Қазақстан бұл бағытта атқарып жатқан бастамаларды бүкіл Орталық Азия өңірінде насихаттауды көздеп отыр. Соның арқасында өңірдегі мемлекеттер арасында тығыз ынтымақтастық орнату жоспарда бар.

ДАРХАН МЫҢБАЙ, ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Көрші мемлекеттердің назарын аударғаны - ол Елбасының ұлттық код бірегейлікті сақтау және оны қандай ғылыми зерттеулер жүргізу және соны сақтап қалу, әлемдік қауымдастықта әрбір ұлт өзінің дәстүрін, негізін жоймаған жағдайда ғана алға жылжитынын дәлелдеп жатыр.

МАРИНА МОЖЕЙКО, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ /БЕЛАРУСЬ/:

 - Бүгінде тек ұлттық тамыры терең, рухы биік мемлекет қана халықаралық аренада басымдыққа ие бола алады. Елдің төл мәдениеті мен мол мұрасы бәсекелестік дәуірінде стратегиялық ресурсқа айналды. Осы орайда, Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты өте дұрыс деп есептеймін. Ұлттық кодын сақтай білген біртекті бірегей мемлекет қана нағыз азаматтық қоғам құра алады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер