Латын әліпбиіне көшу – жаһандану үрдісінің бір талабы. Оған қоса жаңа қаріп қазақ тілін үйренуге және үйретуге тың мүмкіндік. Бұл – Германиядағы Гумбольдт университеті қазақ тілі пәнінің оқытушысы Гүлсім Масақованың пікірі. Оның айтуынша, әсіресе шетелдік азаматтарға латын қарпімен біздің ана тілімізді менгеру оңай болады.

ГҮЛСІМ МАСАҚОВА, ГУМБОЛЬДТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

 - Ең бірінші студенттерге қоятын талабымыз кирилл әліпбиін менгеру. Қазақ тілі әліпбиін латын әріптеріне көшіру өте ыңғайлы болады. Шетелде қазақ тілін үйреніп жүрген студенттерге өте тиымды болады. Заман талабына сай қазақ тілінің информатика, техника, технология саласында ілгері жүруіне де тиімді болады деп есептеймін.

Латын қарпіне көшу қазақстандықтар үшін мол мүмкіндік ашады. Польшаның білім беру қорының басшысы Вальдемар Сивинскидің пікірі осындай.

ВАЛЬДЕМАР СИВИНСКИ, БІЛІМ БІРУ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстанда мұндай шешімнің қабылданғаны дұрыс болды. Өйткені бұл Қазақстан мәдениеті мен қазақ поэзиясының әлемдік жүйемен етене бітісіп кетуіне септігін тигізеді. Біз де сіздердің елдеріңіз жайлы, мәдениеттеріңіз бен жеткен жетістіктеріңіз туралы көбірек білетін боламыз. Бұл шешім мемлекеттің дамуын ілгерілетеді. Ең бастысы да осы.

Латын әрпін тілімізге үйлестіріп жасау өте маңызды. Қостанайда семинар-кеңеске жиналған филолог-ғалымдар осындай пікір айтты. Қазір граматиканың бірнеше нұсқасы ұсынылып жүр. Бір дыбысты екі әріппен белгілеу немесе кейбір әріпті таңбалау сияқты түрлі жобалар бар. Бірақ таңбаланған әріпті компьютер бағдарламасына енгізу қиын,-дейді мамандар. Себебі таңбаны тыныс белгісінен ажырата алмауы мүмкін. Ұсыныс-пікірлер Республикалық тілдерді дамыту орталығына жіберіледі.

КЕНЖЕҒАЛИ БИМАҒАНБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Біздің тарапымыздан мысалы «һ» әрпін белгілеу, егер әліпбиде «Н» әрпі латын әрпімен белгіленетін болса, біз бұл дыбысты «х» әрпімен ұсыныс ретінде жолдайтын сондай бір ойымыз бар. Содан кейін қысқа «й, і» әріптерін бір дыбысты «g» мен белгілесек, екіншісін дидраф ретінде «Yh». Сондай ойларымыз бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер