Қытайдың Сиань қаласында Қазақстан орталығы ашылды. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бұл шараға Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мұрындық болды. Сиань халықаралық тілдер университетіндегі қазақ тілі кафедрасының жанындағы орталықтың мақсаты — елімізді кеңінен таныстыру. Алдағы уақытта Қытай қауымдастығының қазақ тіліне, мәдениетіне, тарихына және «қазақстандық даму жолына» деген қызығушылығын арттырмақ. Қазірдің өзінде Сианьдағы орталықта 20 қытайлық студент тәлім алып жатыр. Айта кетейік, Қытайдың Бейжің, Шанхай және Далянь қалаларында Қазақстан орталықтары бар.

ҚАЙРАТ АБДРАХМАНОВ, ҚР ҚХР ЕЛШІЛІГІНІҢ БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ:

 - Бұл осымен ашылып отырған төртінші орталық. Бұндай орталықтар бізге керек деп ойлаймыз. Біз қатысушыларға Қазақстанның саяси, экономикалық және рухани бағыттағы реформаларды жете таныстырдық. Соның ішінде Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін және сананы жаңғырту бағытындағы жүргізіліп отырған шаралармен кеңінен таныстырдық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер