Қазақ жазуын латын қарпіне көшіру жайы қазір қоғамда қызу талқыланып жүр. Тың өзгеріс – түрлі алғышарттардан туындаған заман талабы. Жаңа әліпбиді қабылдауда ең алдымен, тілдік заңдылықтар ескеріліп, емле ережелері сақталуы керек. Алфавит ауыстыруда қазақ тіліне жат дыбыстардан құтылып, қосарлы таңба-дыбыстардан арылу керек»,-деп санайды тіл мамандары.

МҰРАТ САБЫР, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Әсіресе, кейбір кірме дыбыстардың енуі қазақ тілші мамандарын ойлантады. Себебі тілден тілге ешуақытта дыбыс енбейді. Бірінші кезекте сөз енеді. Ал жат дыбыс, жат әріптер енбеуі керек бізге.

БОЛАТ ЖЕКСЕНҒАЛИЕВ, БҚО ӘКІМДІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Ең алдымен тілдің табиғатын ашатын төл ұлттық әліпби болуы керек. Мына өзіміздің төл әліпби дыбыстарымызды қалай таңбалаймыз деген мәселеде әлі де пікір қосатын тұстарымыз бар деп есептеймін. Ең бастысы біздер негізгі бағыт-бағдарымызды айқындап алдық және сол жолға түстік. Бұл арада әрбір қазақстандық, соның ішінде тіл мәселесіне бей-жай қарамайтын әрбір қоғам мүшесі өз үлесін қосады, өз пікірін айтады деп есептеймін.

Техника ғылымдарының докторы Алтынбек Шәріпбай «латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің мәртебесін халықаралық деңгейге көтереді» дейді. Сонымен қатар, ғылым мен технологияның дамуын жеделдететініне сенім білдірді. Ғалымның айтуынша, латын қарпі – білім-ғылымның һәм IT технологияның тілі. Түптеп келгенде өркениетке жол ашады. Тек кезең-кезең бойынша талап ережелер сақтала отырып, сауатты көшірілуі тиіс.

АЛТЫНБЕК ШӘРІПБАЙ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Латын әліпбиіне көшу үшін біріншіден дыбыстық жүйесін реттеп алу керек. Екіншіден сол дыбыстарды халықаралық фонетикалық таңбамен белгілеу керек. Сол әліпбиге сәйкес латын әріптерін таңдау керек. Жаңа әліпби бойынша орфографиялық сөздік жасалу керек. Сөздік жасалғаннан кейін кирилл әріптерін латын әріптеріне ауыстыратын конвертер жасалу керек. Ол конвертер халықаралық стандарттан өту керек. Содан кейін ғана кімнің жобасы конкурстан өтеді сол қабылдануы керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер