Елордада тілдер фестивалі өтті. Дәстүрлі байқау мемлекеттік тілді ұлықтауға және Қазақстанда өмір сүретін халықтардың ана тілдеріне назар аударуға арналған. Осыған орай бас шаһарда апта бойы түрлі қоғамдық және отбасылық іс-шаралар жүзеге асты. Мәдени кештерде рухты әндер шырқалып, театрландырылған көріністер қойылды. Аясы кеңіп, алар асуын айқындаған  шара осымен 19-шы рет ұйымдастырылып отыр.   

НҰРЗИЛА ҚАСҚАТАЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Шараларымызды жылда ауысытып отырамыз әртүрлі бағытта. Мысалы, «Абай дара, Абай дана қазақта» деген байқауды жыл сайын Абайдың туған күніне орай ескерткіш жанында іс-шара өткіземіз. Соның сыртында, қосымша мекемелерге байқау өткізіп жатырмыз.

Тілді кеңінен насихаттап, халық санасын серпілтуді мақсат ететін игі шара Астанада ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында кеңінен аталып өтті. Оның аясында жыл бойына осы бағытта талмай еңбек етіп, өзіндік үлесін қосқан азаматтарға арнайы марапаттар табысталды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер