«Әліпби ауыстыру, қазақ еліне үлкен оң өзгерістер алып келеді», - дейді көкшетаулық филолог Нұртас Ахат. Өйткені, жаһанда сандық және ақпараттық технологиялар кең қанат жайып келеді. Ал, ол үдерістен Қазақстан қалыс қалмауы тиіс. Сол үшін тіл маманының өзі қазірден ұялы телефонда латын қаріптерінің көмегімен хат алмасады. Тіпті, ғалым өзі басқарып отырған колледжде латын әліпбиіне көшу дайындығына кірісіп те кетіпті. Мұнда арнайы курс ашылып, онда 1-ші және 2-курс студенттерін әлден жаңа графикаға бейімдеу жұмыстары басталған.

НҰРТАС АХАТ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 - Ғылым академиясында сирек қолжазбалар қорында 28-40 жылдарда аударылған латын тілінде шыққан оқулықтармен таныстым біраз ғылымға байланысты. Бірақ, бір жерде кездестірмедім осы латын графикасына көшкенде қиындық көрдік деген. Мысалы, Мұхтар Әуезов, атақты «Абай жолын» төте жазумен бастады, латын графикасымен жалғастырды, кириллицамен аяқтады. Бірақ, бұл жерде Мұхтардың өзі осы жерде қиыншылық көрдім демейді.

Ал, шығысқазақстандық педагогтар «латын қарпі – әлеммен қауыштыратын күш» дейді. Себебі, дүниежүзінің 70 мемлекеті дәл осы жазу арқылы ғылымдағы көкжиегін кеңейткен. Облыс бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының оқытушысы Айгүл Сейілхан жаңа графиканың қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі беделін арттыратынын айтады. Әліпбиде әріп саны азаяды, емле-ереже қысқарады, жалпы оқу үдерісі анағұрлым жеңілдейді екен. Бастысы, латын қарпіне көшу тарихи ескі жазбалардың қайта жаңғыруына жол ашпақ.

АЙГҮЛ СЕЙІЛХАН, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

 - 1929-40 жылдары аралығындағы қазақ мәдениетінің тарихындағы ескерткіштердің бірқатары латын жазуы арқылы жазылған болатын. Сол тарихи жәдігерлердің барлығы қайта қаралып, бүгінгі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің толығатыны сөзсіз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер