Латын әліпбиіне көшу мәселесін еліміздің белсенділер, ұстаздар талқылап, өз пікірлерін білдіріп жатыр. Павлодарда латын әліпбиіне көшуге байланысты қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға жоғары оқу орындарының тіл мамандары, ғалымдар мен қоғам белсенділері қатысты. Олар «латын әліпбиіне көшу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырамыз»,-дейді.  

ЗАУЫТ БОЛАТ, ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ:

 - Бүгінде біздің шетелде 42 елде 5 миллионнан астам қазақ қандастарымыз тұрып жатыр. Олардың 90 пайызы латын әліпбиін қолданады. Солармен байланысымызды жалғастырып Қазақстанда болып жатқан түрлі жағдайлар, жақсы оқиғалар соларға жеткізіп, олардағы жағдайды Қазақстанға жеткізуге өте көмек болар еді.

«Қазір ғаламтор ғасыры. Сондықтан мектеп оқушылары әліпбиді өзгерту бастамасын оң ықыласпен қабылдап отыр. Жаңа әліпбиге көшу ісі – қоғамдық процеске кедергі келтірмей, салиқалы өтуі керек»-дейді ұлағатты ұстаз Аягүл Миразова.

АЯГҮЛ МИРАЗОВА, ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:

- Интернет болсын қандай мына техникалық дүниелер болсын барлығы да латын тілінде, латын әрпімен жазылған. Олай болса біздің жастарымызға бұны игеру деген ешқандай қиындығын тудырмайды. Елбасымыз кеше ғана баспасөзге берген сұхбатында айтты: «Бұл оқулықтың шығуы 2022 жылы 1-ші сынып пайдаланатын болады деді. 2022 жылға дейін бұны жан-жақты ойланып, таразылап , ешқандай қиындықсыз біздің көшуімізге болады. Бұл үлкен табыс әкелетіндігіне мен сенімдімін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер