Елордада «Латын әрпі – ұлттық кодымызды өркендетудің жолы» атты тақырыпта жиын өтті. Қоғам белсенділері латын қарпіне көшуді қолдап, сөз сөйледі. Бұл үдерісті кешенді-ғылыми таразыға салып, халықпен кеңесе отырып, жүйелі түрде енгізуіміз керек деп есептейді белсенділер. Осыған орай латынға көшу жайлы манифест қабылданып, оған саясаттанушылар мен журналистер қол қойды.

ЕРЛАН САЙЫРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Латын әрпіне ену бүгінгі таңда қазақтың ұлттық кодын басқа деңгейге шығару. Сонымен бірге, қазақтың мәдениетін, әдебиетін, дүние жүзілік мәдени кеңістікке интеграция жасаудың жолы деп қарастырып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде де Латын әліпбиінің жобасы талқыланды. Жиналғандар «сөздің морфемдік жүйесін сақтап, буынға бөлу және тасымал мәселесіне мұқият болған абзал»,-десті. Әліпби жобасындағы қосарланған әріптерге қатысты да ойлар айтылды. «Қазақ тілін компьютерлік бағдарлау тіліне айналдырамыз десек, онда апострофтан, диаКритикалық белгілерден бас тартқанымыз дұрыс», - дейді ғалымдар.

СЪЕЗД АҚЫНБЕК, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Мысалы «Осы күнгі» деген сөздің өзін алатын болсақ, н мен г дыбысы қатар келіп тұрғанын өздеріңіз білесіздер. Ал енді қазіргі диаграфтық жүйесін меңгерген кезде бұл ң-ға алмасуға тиісті. Мұны оқитын, латын графикасымен жазылғанын оқитын бала болсын, үлкен болсын мұны «күңңі» деп оқып кетуі ғажап емес. Осы тұрғыдан алғанда, оның әдістемесін қалыптастыру, болмаса диаграфқа қатысты мүмкін басқаша әріптің тіркесін пайдалуға болатын шығар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер