«Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосыламыз десек, латын әліпбиіне көшіп қана қоймай, тез арада жетік меңгеріп алуымыз керек. Бұл қазақстандықтарды озық инновациялар мен жаңа технологияларды игеруге жол ашады», - дейді жамбылдық ғалымдар. Қазір оны дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданады. Сондықтан латын қарпін білген отандастарымыз жер шарының қай түкпірінде жүрсе де, ақпар алып, хабар алмаса алады. Латын графикасы халықаралық сипат алып, өзге елдерге біздің бай-көркем тілімізді танытуға мүмкіндік береді.

ҚАСИЕТ КӘКЕНҰЛЫ, ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Бұдан біз қашпауымыз керек. Бұған біз тезірек талқылап, қай нұсқа бізге қажет соны алып латын әліпбиіне көшуіміз керек. Бұл мысалы шетелдің қай жақ түкпірінде жүрсең де өзіңнің ойыңды, өзіңнің пікіріңді латынша жазып жеткізе аласың.

Ал қызылордалық тіл мамандары қазақ тілінің төл табиғатын бұзбай, сақтап қалу үшін қазіргі орфографияға реформа жасау керек деп есептейді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының пікірінше, ана тіліміздің фонетикалық жүйесін дәл бейнелеу тұрғысынан, бізге латын графикасы қолайлы. Жаңа әліпби төл жазуымызды реттеуге мүмкіндік береді.

 - ЖЕҢІС СӘДУАҚАСҰЛЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Ең бастысы, алдымен мамандар даярлау. Содан кейін сол мамандар арқылы әсіресе мектеп мұғалімдері мен ЖОО ұстаздары арқылы жастарды осыған бейімдеу. Тілдерді оқыту орталықтары бар, ашылып жатқан солар арқылы латын әліпбиі бекігеннен кейін және оның орфоэпиясы мен орфографикасы яғни айтылу-жазылу заңдылықтары қабылданғаннан кейін біз осы мәселені міндетті түрде әрмен қарай жүргізуді қолға алуымыз тиіс.

АМАН АБАСИЛОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР:

 - Латын әліпбиіне көшу мәселесі 6-7 жыл бұрын да қоғамда талқыланып, жан-жақтан қолдау тауып келе жатыр. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшуде өзіміздің төл дыбыстарымызды таңбалайтын, өзге тілдің дыбысы араласпайтын, әлемнің озық мемлекеттеріндегі дамыған тілдердегі үрдіске сәйкес жасалған қазақ әліпбиін қолдаймын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер