40-тан астам елдің дарындары Астанадағы «The spirit of  Desht-I-Kipchak» байқауында бақ сынады. «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған фестивальге әншілер, бишілермен қатар түрлі  ансамбльдер де қатысты. Сайыстың көздегені – ұлттар арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту. Алайда байқау болған соң, әркім еліне жеңіспен оралуға үмітті.

 

САПАР ЫСҚАҚОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Әрбір елден 3-4 ұсыныс келді. Соның ішінде деңгейі жоғары болғанын таңдап, 36-40 елден келді. Үш номинация: ән, би, күй. Әрбір номинацияда гран-при деген болады. Бірінші, екінші, үшінші орын. Сонда 12 адам жеңімпаз болып есептеледі.

Бірінші кезеңде қатысушылар қазақ әндері мен билерін орындады. Ал келесі турда көрермендерді өз елдерінің туындыларымен таныстырды. 4 күндік фестивальде өз біліктіліктері мен деңгейлерін көрсету үшін ұжымдар бірнеше айлар бойы әзірленген.

 

АЙДАР ШАМАНОВ, «ДЖИГИТ» АНСАМБЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ /ЧЕРКЕСИЯ/:

 - Мен бұл фестивальге екінші рет қатысып отырмын. Бұл жолы ансамбльмен бірге келдік . Қазақтың жауынгерлік биін әзірледік. Әрине, оны нағыз қазақтардай орындай алмаймыз. Дегенмен барынша тырысамыз.

 

«Жыл сайын жобаға қатысатын елдер мен дарындар саны артып отыр», -дейді ұйымдастырушылар.   Яғни, ұлтаралық байланысты орнату мақсаты орындалуда. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер