Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғыртудың дара әрі сара жолы. Филолог ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің пікірінше, жаңару мен жаңғыруға бет алған еліміздің ендігі болашағы саяси-экономикалық факторлармен қатар, мемлекеттік тіліміз - қазақ тілінің тағдырына да тікелей байланысты. Сондықтан, мұндай өзгерісті жіті саралап, оған жан-жақты дайындықпен кірісу қажет. Мақсат – қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бейнелейтін әліпби қалыптастыру, - дейді ғалымдар.   

 

ОҢАЛБАЙ АЯШЕВ, ОҚМП ИНСТИТУТЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

 - Оқуды жеңілдетеді. Балаларымыз жалпы әлемдік кеңістікке тез кірігеді. Өйткені, жер шарының 80 пайызы латын әріпін қолданады интернетте.

 

Тіл мамандарының айтуынша, латын жазбасы, қазақ тілінің табиғи болмысына сәйкес келеді. Ал, қоғам қайраткерлері әліпби ауыстыру Қазақстанды әлемдік аренада одан әрі танымал бола түсуге жағдай жасайды, әрі шетелдермен байланыс жаңа деңгейге көтеріледі деп сенеді.

 

НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚХА МҮШЕСІ:

 - Бұл, Қазақстанның дүниежүзілік ақпараттық кеңістікке ықпалдасуы. Біздің барлық сандық ресурстарымыз, мәдени мұрамыз әлемде латын графикасын қолданатын барлық пайдаланушыларға, қазақ тілін меңгерген, алайда, кириллицаны білмейтін адамдар үшін қолжетімді болады. + Қазақстанның барша азаматтарын Елбасының қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі бастамасын талқылауға және қолдау көрсетуде белсенді қатысуға шақырамыз.

 

Ал Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы Бердібай Шалабайдың пікірінше, Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі 40-қа жуық түркітілдес мемлекеттермен емін-еркін байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Ғалымның айтуынша, латын әліпбиі арқылы ғаламтордан да ақпарат алу жеңілдей түседі. Әрі бұл қаріппен жазылған қазақ майталмандарының туындыларын әлем тани алады.

 

БЕРДІБАЙ ШАЛАБАЙ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Мысалы, жіңішкелік белгісі, жуандық белгісі, я, ц, ю және т.б. Бұл болмысын өзгертіп жіберді қазақ тілінің. Өздеріңіз байқаңыздаршы, мынау таза қазақы өзінің бұрынғы әуелдегі табиғаты бұзылмаған Моңғолиядан келген қандастарымыздың тілінде, Қытайдағы қандастарымыздың сөзінде көп ерекшеліктер бар. Олар тілдің бұрынғы табиғатын, әуезділікті сақтаған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер