Латын әліпбиіне көшу – қазақтың өзге ұлттармен тілдесуін жеңілдетіп, өркениет көшіне ілесудің қадамы. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері осылай дейді. Бұл пікір Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.

 

ДАРХАН МЫҢБАЙ, ҚХА ТӨРАҒЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІ ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Алғаш рет мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру мәселесін мемлекет басшысы 2006 жылы ҚХА сеесиясында көтерген болатын. 2012 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясын тұжырымдап, латын әліпбиі тақырыбын өзектендірді. Және 2025 жылды латын әліпбиіне көшудің шекті мерзімі ретінде атап көрсеткен болатын.  

 

Ассамблея мүшелері қазақ тілінің латынша жазылуы Қазақстанға дүниежүзілік қауымдастыққа есігін одан әрі айқара ашу мүмкіндігін тудырады  деген сенімде. Әлемдік әдебиеттің 80 пайызы осы латын тілінде басып шығарылады. Сондай-ақ, жаһандық ақпараттың да 70 пайызы латынша жазылады.

 

ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Бүкіл дүние осы латын әліпбиін қолданып жатыр, біз де қолдансақ мемлекетіміз әрі қарай 30 мемлекет қатарына кіруге жол болады.

 

АЙГҮЛ СӘДУАҚАСОВА, ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Оқып білу, жазу, әріптану – бұл интеллектуалды бір белестің көрсеткіші. Сондықтан менің ойымша, біз бәріміз қазір қайтадан жаңа белеске өткелі жатырмыз. Біріншіден, елбасының айтқаны білім салтанатына бет бұрамыз деген ойы.

 

Жиналғандар латын қарпіне көшу барысында асығыстық танытпай, әр сөздің жазылуын зерттеп, мән-мағынасын жоғалтпауын қамтамасыз ету керектігін айтты. Қазақ әліппесінің өзіндік моделі біртіндеп қалыптасады. Сондықтан, барша xалық, қоғам болып, бұл үдерістің сәтті жүзеге асуына атсалысу керек деп қортындылады қатысушылар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер