Латын әліпбиіне көшу қазақ жазуына жасалған іргелі және күрделі реформа деп білуіміз керек. Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүсіпбек осылай дейді. Мамандар жарияланған әліпбидің бекітілген толық нұсқа еместігін де жеткізді. Осы орайда қоғамның пікірі міндетті түрде елеп-ескерілетінін алға тартты. Тараптар латын әліпбиіне көшуде төл дыбыстарға мән беріліп, ереже құрастырылатынын да тілге тиек етті. Бұл бастаманың тек отандастарымызға ғана емес, әлем қазақтарының ортақ әліпбиіне айналуы тиістігіне де тоқталды.

 

ӘЛІМХАН ЖҮСІПБЕК, А.БАЙТҰРСЫНОВ АТ. ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Латын әліпбиіне көшу дегеннің өзі сөзімнің басында айттым ғой. Ұлттық әліпбиімізді құрастыру бірінші . Ол дегеніміз қазақ тіліндені төл дыбыстарды ашып алу,28 дыбыс. Әліпбиіміз осы дыбыстар төңірегінде құру керек. Егер көпшіліктен көңілге қонымды әдістемелік тұрғыдан сауат ашу тұрғысынан ұсыныстар болса олар қабылданады.

Қазақ тілін жаңа қаріп нұсқасына көшіру процессі филолог пен лингвист мамандардың тығыз атсалысуын талап етеді. Болашақта ана тіліміздің бояуын қаз-қалпында сақтау үшін бірыңғай грамматикалық және фонетикалық ережелерге мән беру қажет, дейді халық қалаулылары. Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым қоғам дайын болса, латын әліпбиіне 2025 жылға дейін де толық көшу мүмкіндігін жоққа шығармады.

 

БАҚЫТЖАН ӘБДІРАЙЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - 2025 жылы көшеміз деген елбасының былай айтқанда межесі ғой. Мүмкін одан ерте көшіп кетуіміз мүмкін. Бұл жалпы халықтың көңіліне, дайындығына байланысты. Сол себептен, 25 жылда көшеміз деп айтуы, мүмкін одан да ерте көшуіміз мүмкін. Бұндай мәселені көп создыруға болмайды.

 

ИРИНА СМИРНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Орыс тілі қолданыста болды және әрі қарай да қала береді. Бұл жөнінде жиында кеңінен айтылды. Сонымен қатар бүгінде  үш тілге көшу міндеті айқындалған. Қазақ, орыс және ағылшын  тілдері еліміздің дамуына серпін береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер