Латын қарпіне көшу –әлемдік ғылым мен технологиялық үдерістерге ілесу бағытында жасалған маңызды қадам. Әзербайжан тілін латыншаға көшіру ісіне белсенді атсалысқан ғалымдардың ортақ пікірі осындай. Бұл елде жазудың жаңа нұсқасына ауысу 1991 жылы Парламент шешімімен қолға алынды. Алдымен мектептерде факультатив сабақтар өткізіле бастады. Ал баспасөз құралдарына кирил және латын қарпін қолдану мүмкіндігі тең дәрежеде берілді.

 

НИЗАМИ ДЖАФАРОВ, ӘЗЕРБАЙЖАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ТҮРКОЛОГ:

 - Бастапқыда латын қарпіне тезірек көшу тапсырылды. Кейін бұл істі кезең-кезеңімен жүргізу туралы шешім қабылданды. Оған қоғам бейімделе бастады. Сөйтіп, 2001 жылы латынға көшу үдерісі толық аяқталды. Бірақ, бір проблема туындады. Көркем әдебиеттер мен классикалық туындыларды латын қарпіне көшіру қиынға соқты. Тек 2004 жылы мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы арқылы түйткілдің түйіні тарқатылды.

Жаңа әліпбиге көшу мәселесі қазақстандық зиялы қауым арасында қызу талқыға түсті. Яғни тың бастаманың тарихи мән-маңызы зор екені байқалды,-дейді ғалым.

 

НИЗАМИ ДЖАФАРОВ, ӘЗЕРБАЙЖАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ТҮРКОЛОГ:

 - Енді түркі тілдерінің фонетикалық ерекшелігіне қарай, әліпбиді қалыптастыру керек. Мысалы, "Ш" дыбысы латын қарпінде "SH" болып жазылады. Қазақстан интелектуалды мемлекет болғандықтан, бұл мәселенің оң шешімі табылады деп үміттенемін. 

 

Шетелде тұратын қазақтар төл тілінің латын қарпіне ауыстырылуын қолдайды. Ата-бабалары кәрі құрлыққа өткен ғасырда қоныс аударғандықтан, бірнеше еуропалық тілде сөйлейтін этникалық қазақ жастары латын қарпі туған тілді ұмытпау үшін қажет деп отыр.

 

ТАБАРАК ДОГУ:

 - Бізге өте қуаныш болды, өйткені шет елде өмір сүрген қазақтар, әсіресе кейінгі ұрпақтарға өте жақсы болады. Енді қазақ латын әрпіне көшетін болса, олардың Қазақстанға деген ішіндегі сезімі оятады, оқып көреді, қазақ екенін, тарихын. болашқаты келешекті содан үйренуі мүмкін.

 

МУСТАФА УСЛУЖАН, ФРАНЦИЯ ҚАЗАҚТАРЫ МЕН ТҮРІКТЕР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Кириллицаға қарағанда, біз Қазақстаннан кітап алғанда, оны түсінбейді. Соны латынша жазса, солай тез үйренеді деп ойлаймын.

 

Қазақ тілі грамматикасының жаңғыруы өзге тілдің бәрін біліп, өз тілін құрметтейтін қандастар үшін зор мүмкіндік болмақ.      

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер