Рухани жаңғыру – мемлекеттің барлық салаларының сапалық тұрғыдан жаңарып, өзгеруіне негіз болатын идеялық тұғырнама. Еліміз бен елдігіміз үшін маңызды құжатты елордада 100-ден астам отандық және шетелдің сарапшы-ғалымы жан-жақты талқылады. Еуразиялық интеграция институты жүргізген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың 82 пайызға жуығы ел өміріне өзгеріс қажет деп есептейді. Яғни, азаматтар конституциялық өзгерістер мен әлеуметтік-мәдени аспектілердің жаңғыруына барынша қолдау білдіріп отыр.

 

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл конференцияның басты  мақсаты диалогтық платформа жасау. Билік өкілдері мен сарапшылардың арасында көпір болу. Рухани жаңғыруды жүзеге асыру өте маңызды және біздің интелектуалды қауымның үлкен жауапкершілігі. Склейка 42 Біздің әлеуметтік социлогиялық зерттеу нәтижесі 82 пайыз бұл мақаланы жақсы түсініп өзгеріс керек екенін айтып жатыр. Енді осы өзгерістерді іске асыру.

 

Шараға қатысушылар «Туған жер» бағдарламасын ерекше атап өтті. Пікірлерінше, дәл осы құжат жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналмақ. Еліміздің қасиетті жерлері арқылы халқымыздың ұлттық бірегейлігін бекемдеуге болады. Туған жердің әрбір сайы мен тауы тарихтан сыр шертеді, дейді мамандар.

 

БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ғылымға әлі беймәлім жерлер бар. Қазақ үшін әрбір тас та бұлақта , талда қасиетті болып есептеледі. Онымен ғалымдар айналыса бермейді. Оны халық  өзі анықтаған. Сондықтан осыны анықтау үшін арнайы топ жүрейін деп тұр. Сол топтың нәтижесі бойынша Қазақтың қасиетті жерлерінің тізімі анықталады. Бұл бес жылға арналған бағдарлама.

 

ЗИЯБЕК ҚАБЫЛДИНОВ ҚР БҒМ ҒК Ш.УӘЛИХАНОВ АТ. ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз дәстүрімізді жақсы білсек, біз тарихымызды білсек біз ешқашанда басқа елдердің соңында қалмаймыз алдында жүреміз.

 

Жаһандану заманында жан-жақты өзгеру үшін  әуелі өзімізді мықтап қолға алып, жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек, дейді сарапшылар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер