Цифрлық технологияны қолдану аясын кеңейтіп, цифрлық қызмет көрсетуді дамыту. Елбасы өз Жолдауында осындай міндет қойды. Заман талабына сай келетін осы істі алғашқылардың бірі болып қолға алған Алматыдағы тұңғыш президент мұрағатында соңғы үш жылда 42 мың тарихи құжат сандық жүйеге көшірілген. Басты мақсат – құнды деректердің ғұмырын ұзарту.

АЙГЕРІМ СЫДЫҚОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

- Еліміздегі тарихи немесе басқа да деректерден сыр шертетін құжаттарды заман талабына сай электронды жүйеге көшіріп жатырмыз. Бұл ғылыми жұмыспен айналысамын деген жастарға қолжетімді болады.

Ал Ұлттық кітапхана заманауи әдісті 2000 жылы бастап кеткен. 2013 жылы арнайы орталық ашылған. Мұнда сондай-ақ әлемде алты елде ғана бар құрылғы «үлкен форматты байланыссыз сканер» орнатылған. Онымен көлемі ауқымды құжаттар көшіріледі.

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Фирдоусидің «Шахнамасы», 12-18 ғасырдағы «Құран», парсы тіліндегі қолжазбалар, Әбілғазының «Хандар шежіресі», алғашқы шыққан қазақ мерзімді басылымдары «Қазақ», «Еңбекшіқазақ», «Социалды Қазақстан» газеттері цифрланды.

Енді «Қазақфильмнің» алтын қорындағы кинотуындыларды сандық жүйеге көшіру ісі қолға алынбақ. Бұл еліміздің мәдениетін, көркем туындыларын ғаламтор арқылы әлемге танытуға жол ашады, дейді мамандар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер