Павлодар: Агросаланы цифрландыру

Цифрлық экономикаға көшу – Президент жолдауында айтылған басты міндеттердің бірі. Жаңа технологияларды ендіре отырып, дәстүрлі салаларды түрлендіріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген. Бүгінде тың ендірмелер еліміздің аграрлық секторында өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Өнімнің өндірісі артып, шығын азайған.

Жоғары технологияның тілін тапқан маман комбайнның жүрісіне ғана жауапты. Қалған жұмысты жаңашыл дүние істейді. Бұл – ауыл шаруашылығы менеджментінің заманауи жүйесі. Павлодар облысындағы мына қожалықта техниканың барлығы GPS навигаторлармен жабдықталған.

ИГОРЬ НОЧЕВКА, МЕХАНИЗАТОР:

- Жүйенің көмегімен параметрлерді белгілейміз.  Мәселен, трактордың жүру жолын жазамын. Кейін GPS навигатордың көмегімен өнім алынатын учаскелердің бойымен жүріп өтеміз. Осылайша, біз қажет емес жерде жүреміз деп алаңдамаймыз, барлық жұмысты заманауи техника тыңдырады. Біз тек бақылаймыз.

Заманауи технологиялардың игілігін қарағандылық шаруалар да көріп отыр. Нұра ауданындағы мына шаруа қожалығы биыл 37 мың гектар алқапқа дәнді және майлы дақылдар еккен. Биыл мұнда бірінші рет жаңа технология қолданысқа енгізілді. Сынақ түрінде 500 гектар алқапқа дән егіліп, гектарына 40-45 центнер алынып жатыр.

ГЕОРГИЙ ПРОКОП, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Алдымен алқаптың электронды картасын жасадық. Тәжірибе ретінде 500 гектар жерден топырақ сынамалары алынып, сандық технология көмегімен құрамындағы фосфор, калий, азоттың мөлшерін анықтадық. Бұған қоса түбегейлі тексеру үшін Еуропадағы зертханаға жібердік. Сөйтіп ерте көктемде тыңайтқышы мен ылғалы дәл алқапқа егін салынды. Өнімділік бұрыңғыға қарағанда 30-35 пайызға дейін жақсарды.

Сандық технология шаруашылықтағы картоп алқабына да енгізілді. Ылғалы мен тыңайтқышы келісті танаптардан мол өнім жиналуда. Өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары. 

ДИДАР АҚЫШЕВ, МЕХАНИЗАТОР:

-  Картопты үшінші жыл егіп жатырмыз. Ана жылы 220 гектар болған. Биыл 450 гектарға салдық. Бір гектардан 40 тоннадан өнімді алып жатырмыз. Өткен жылы 35 гектар болса, биыл 40 шамасында.

Қазақстан бойынша егістік алқаптарға сандық технологияны енгізген 9 шаруашылық болса, соның екеуі Қарағанды облысында. Бұл алқаптарда, тіпті, жердің температурасы мен ылғалдылығын көрсететін метеостанциялар да орнатылыпты.