Павлодар облысында агроөнеркәсіп кешенін цирфландыру

Ертіс өңірінің шаруалары цифрлық технологияның арқасында бұршақ тұқымдастар егілген алқаптардан мол өнім жинады. Өткен жылы 1200 тонна жасымық жиналып, Түркия нарығына жеткізілген. Бұл – Павлодар облысы шаруалары үшін дәстүрлі емес дақылды алыс шет елдерге жеткізудегі алғашқы тәжірибесі. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер түрік бизмендерімен жаңа өнімді жеткізу туралы келіссөз жүргізуде. Қазіргі күні астықтың 60 пайызы жиналған.

НҰРБОЛАТ МАҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Гектарынан 11,5 центнерден айналып, 500-550 мың тонна өнім жинаймыз деп отырмыз.

АНДРЕЙ КОРОБКИН, БРИГАДИР:

 - Мынау алқаптағы өнімділік көрсеткіші – 14,3 центнер. Бұдан да көп жиналады деп ойлаймын. Алдыңғы егістіктен гектарынан 25 центнер жинадық.

Бұршақ тұқымдас дақылдар қазірдің өзінде бастапқы өңдеуден өтіп үлгерді. Соңғы кезеңде ол фотосепараторда өңделеді. Бұл – инновациялық тазалау технологиясы. Арнайы орнатылған фотокамералардың есебінен әр дәннің сапасы анықталып, ақауы барлары алынып, сұрыпталады. Фотосепараторлық кешен қышаны дайындауға мүмкіндік береді. Биылғы егін жинау науқаны түгелдей сандық технологиялар негізінде жүргізіліп жатқанын да айта кеткен жөн. Шарбақты ауданында алқаптарды цифрландыру аяқталып, енді жайылымдарды осы жүйеге көшіру қолға алынып отыр.

СЫМБАТ ШАХМЕТОВА, ШАРБАҚТЫ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Барлығы электронды форматқа көшіріледі. Шаруалар қауымы көктемгі дала, күзгі жиын-терім барысында өз алқаптарын онлайн-режимде бақылап, қағазбастылықтан арылады. Бүгінде заманауи технологияны меңгеріп жатырмыз.

Сондай-ақ қазір Павлодар облысында жанар-жағармайды электрондық жолмен бөлу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл егінді жинау үрдісін айтарлықтай жылдамдатады. Жергілікті шаруалар астық ору жұмысын алдағы екі аптада аяқтауды жоспарлап отыр.