Астанадағы күннен қуат алатын көрікті мешіт

Қазақстанда «жасыл» технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Жаңартылатын энергия көздерін табысты қолданудың үлгісі Астана мешіттерінің бірі болып табылады. Жоба авторларының айтуынша, бұл ғимарат нөлдік энергия тұтынумен ерекшеленеді. Объектіде тиімділігі жоғары еуропалық жабдықтар орнатылған. Мұнда электр қуатын қамтамасыз ету үшін күн панельдері қолданылады. Олар 1 295 шаршы метр аумақта орналасқан. Баламалы энергия көздері қажеттіден 3 есе көп электр энергиясын өндіреді.

Елдің өңірлерінде де жаңартылатын энергия көздері қолданылады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында энергияны жеткізу үшін күннен қуат алатын бірінші мешіт салынды. Баламалы энергия көздері үшін жабдықтар демеушілердің қолдауымен сатып алынды. Мешіттің аумағына барлығы 18 күн панельдері қойылды. Бір сағат ішінде олар 5 киловатт электр энергиясын өндіреді. Бұл ғимаратты жарықтандыру үшін жеткілікті.

ҰЛАН ЖҰМАҚАНОВ, МАҚАНШЫ АУЫЛЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

-  Енді келгендердің барлығы көріп, таңғалып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында осы – жалғыз мешіт. Қалған мешіттер де қызығушылық білдіріп, сұрап жатыр.