Дәл егін шаруашылығы

Қазақстандық диқандар егін шаруашылығы бойынша тың тəжірибелерінің аралық нəтижелерін сараптауда. Бүгінгі таңда дәл егін шаруашылығы – Орталық Қазақстан фермерлерінің арасында жиі талқыналып жүрген өзекті мәселелердің бірі. Қазір жаңа технологияны 9 қазақстандық, соның ішінде 2 қарағандылық шаруашылық сынақтан өткізіп жатыр. Алғашқы жемісі айтарлықтай.

ПАВЕЛ ЛУЩАК, ШАРУА:

 - Тəжірибелік алқап көлемі жерде жуықтап алсақ 40-тың шамасындай, ал біздің жерлерде 20-25 центнердей болады. Тыңайтқыш енгізу нормаларын арттырдық, бізге 30-40 келі аз екеніне көзіміз жетті. Қазір 200-300 келіден астам жоспарланып отыр.

Дәл егін шаруашылығы топырақтың терең жəне нақты сараптамаларына негізделеді. Дəстүрлі технология бойынша 75 гектар жерге бір сараптама жасалатын. Бүгінде əр гектардан үлгі алынады. Бұл қажетті тыңайтқыштардың құрамы мен мөлшерін, жерді өңдеудің амал-тəсілдерін дəл анықтауға мүмкіндік береді.

САЯХАТ НҮКЕШЕВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ ДЕКАНЫ:

 - Дәл егіншіліктің элементтерін енгізу барысында біз бірінші топырақтан анализ алдық, нәтижесінде азот пен фосфордың деңгейі өте төмен болды. Яғни бұл бидайдың сапасы мен өнімділігі неге төмен деген сұраққа жауап береді. Қазір қолданып жүрген себу комплекстері тыңайтқыштың негізгі көлемін енгізе алмайды, сондықтан жаңа техника керек.

Енді топырақты қалыпты жағдайға келтіру үшін арнайы баптау əдістері мен техника қажет. Бұл, өз кезегінде, Қазақстанда жасап шығарылады. Әзірге алғашқы техника жиналып, қолданысқа берілді. Бұл бірден 2 мəселені шешеді. Нақтырақ айтсақ, топырақ тығыздығын жойып, оны қоректендіреді. Келесі жылы отандық техниканың жаппай өндірісі жолға қойылады деп жоспарланып отыр.