Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар - Kazakh TV

Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар. Енді ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер өз өнімдерін, техникаларын, тыңайтқыштарын, сондай-ақ қызметтерін онлайн жүйеде ұсына алады. Арал өңірінде құрылған «Агробиржа» интернет-ресурсының табысты тәжірибесі Қазақстанның өзге өңірлерінде қолдануға болады. Бүгінде электронды платформа 600 тауар өндіруші мен сатып алушылармен тікелей байланыс орнатқан. Мамандар ауыл шаруашылығы өнімдерін е-алаң арқылы саудалау өткізу нарығын кеңейтіп, экспорт көлемін ұлғайтуға септігін тигізетініне сенімді. Айта кетейік, «Агробиржа» интернет-ресурсы аймақта жыл басында енгізілген болатын. Дегенмен мамандар әлі де болса оның функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруді  жалғастыруда. Жақын арада мобильдік қосымшасы іске қосылады.

МАРЖАН ӨМІРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - «agrosauda.kz» электронды сауда сайтына қазір өзге облыстың тауар өндірушілері де тіркелу үстінде. Алдағы уақытта ол өз кезегінде сатылым нарығын кеңейтіп, экспорттық операцияларды арттыруға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр. Сайтқа бір тілде түсірілген хабарлама немесе жарнама төрт тілде, яғни мемлекеттік, орыс, ағылшын, қытай тілдеріне аударылып ұсынылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер