Қазіргі таңда мұнай компаниялары арасында өндіріске ІТ-технологияларын енгізу белең алуда. Осы орайда интеллектуалды кен орны тұжырымдамасын жүзеге асырып жатқан мұнай алпауыттарының тәжірибесін атап өтуге болады. Мәселен, Shell компаниясында Smart Fields (ақылды кен орны) атты бөлімше құрылса, British Petroleum-да Field of the Future (Болашақтың кен орны),  Chevron компаниясында цифрландырумен iFields бөлімшесі айналысады. Saudi Aramco, Petrobras, Kuwait Oil Company сынды ірі ұлттық компанияларда да осыған ұқсас құрылымдар бар.

Мұнай өнеркәсіптерінің интеллектуалды кен орны жүйесін енгізуі нәтижесінде басқарушылық шешімдердің 20-40%-ға тезірек қабылданатыны, пайдалану шығыны 30-50%-ға қысқарып, табыс 10-35%-ға көбейетіні анықталды.  Мұнай өндіру көлемі азайып, жаңа технологияларды қолдану қажеттілігі артып жатқан жағдайда ақылды кен орны жүйесінің арқасында өнімділік көлемі артып, мұнай өнеркәсібі үшін қомақты қолдау көрсетілмек. Жалпы, әлемдік мұнай өнеркәсібі алдағы 5 жылда ақылды кен орны жүйесін құруға $1 млрд қаржы құймақ. 

Қазақстанда бұл бағытта қандай шаралар қолға алынып отыр? 

Каспий бассейнінде мұнай және газ өндіру, мұнай және газ кен орындарын барлау және игерумен айналысатын Nostrum Oil & Gas PLC тәуелсіз мұнай-газ компаниясы SAP SE компаниясымен цифрлық трансформация туралы келісімшартқа қол қойды. Nostrum компаниясы SAP S/4HANA атты жаңа кезеңнің ERP жүйесіне негізделген SAP компаниясының ең озық шешімдері мен технологияларын қолданып, қолданыстағы IT ландшафтын толықтай жаңартады. ТМД-да алғаш рет мұнай-газ өнеркәсібіне бейімделген модельдік компаниялардың көзқарасы пайдаланылатын болады.

«Қорапты» модельдік компаниясы - қолдануға дайын шешім, инновацияларды енгізуге және SAP өнімдерін енгізуді тездетуге мүмкіндік береді. Бұл сәтті цифрлық трансформация жобаларының тәжірибесі негізінде бизнестің қажеттіліктеріне негізделген таңдалған заманауи қосымшалардың жиынтығы. Мұндай тәжірибені қазірдің өзінде көптеген ірі мұнай компаниялары пайдаланады.  

Nostrum мұнай өнімдерін соңғы тұтынушыға тасымалдауды бақылау үшін үнемі өз инфрақұрылымын құруға ақшасын салады. Компания қазірдің өзінде SAP ERP ECC шешімі бойынша жұмыс істейді, бұл әкімшілік және пайдалану шығындарын жеңілдетуге және бұрғылау шығындарын және сонымен байланысты күрделі салымдарды азайтуға  мүмкіндік берді.

2019 жылы Nostrum компанияны заманауи сынақтарға бейімдеуге бағытталған бизнесті цифрлық трансформациялаудың ауқымды бағдарламасын іске қосады. Nostrum алдында мұнай өнімдерінің ең бәсекеге қабілетті бағаларын қамтамасыз ету және әр ұңғыманың шеңберінде мұнай өндіруді бақылау міндеті тұр. Бұл үшін, SAP S/4HANA Oil & Gas for upstream operations management атты мамандандырылған салалық шешімі қолданады.

ФРАНК КАТУМБЕЛА, NOSTRUM OIL & GAS PLC ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

- Біз ТМД-да барлау және өндіру саласындағы жетекші мұнай-газ компанияларының бірі болуға ұмтыламыз және SAP модельдік компаниясына негізделген шешімдер цифрлық трансформацияны жылдамдатады және пайдаға қол жеткізу уақытын қысқартады деп үміттенеміз.

МАКСИМ ЛАМСКОВ, SAP КАЗАХСТАН БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Келісім-шарт мұнай-газ саласы үшін SAP модельдік компаниясы негізінде бизнесті толықтай қайта құруды көздейді. Бұл ТМД аумағындағы алғашқы осындай келісім. Бүгінгі күні біз көмірсутектердің құндылық тізбегінде толық қозғалысына қолдау көрсету үшін келесі ұрпақ шешімдерін ұсына аламыз. Бұл тәсіл шығындар мен тәуекелдерді төмендетеді. Ол бастапқыда іске асырылып жатқан және жалғастырылатын бизнес инновацияларға толық қолдау көрсетуді көздейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер