Астанада «Цифрлық колледж» құрылмақ. Бұл жәнінде елордада өткен бизнес үрдістерін цифрландыруға арналған дөңгелек үстел барысында мәлім етілді. Жоба ұйымдастырушылары заманауи бастаманы алдағы жаңа оқу жылынан ендіруді жоспарлап отыр. Сандық технологияларға негізделген орта кәсіптік білім ордасы алдымен мүмкіндігі шектеулі жастардың қашықтықтан мамандық меңгерулеріне жол ашпақ. Барлық оқу жүйесі онлайн режимінде жүргізілетін болады. Кездесу барысында аталмыш бағыттағы әріптестікті жетілдірудің өзге де оңтайлы тұстары қарастырылды.   

ҚУАНДЫҚ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, КОЛЛЕДЖ ӨКІЛІ:

 - Колледж оқытушылары мен ұжымы тегістей білім беру жүйеміздегі барлық оқыту-әдістемелік құралдарды алдағы қыркүйек айына дейін сандық форматқа көшіру керек деген тапсырма алды. Егер белгілі себептермен студент оқуға келмей қалса, тапсырмаларын смартфон арқылы алады. Сондай-ақ электронды кітапханамызға тіркеліп, білімін жетілдіруге болады. Нақты бекітілген жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер