Заттар интернеті, Smart қала, Smart экология, Smart өнеркәсіп және 4.0 Индустриясы. Осы саладағы тың стартаптар Астанадағы «IoT World Summit Eurasia» саммитінде ұсынылды. Шараға әлемнің 12 елінен білікті мамандар қатысты. Саммит бағдарламасында тау-кен өндірісі, энергетика, мұнай-газ сынды салаларда қолданылатын 35 цифрлық жоба ұсынылды.

НАРИМАН МҰҚЫШЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Әзірге біздің ведомство IoT технологияларын қолданып жатқан жоқ. Алайда болашақта оған да басымдық береміз деп ойлаймын. Конференция қатысушылары блокчейн, жасанды интеллект сынды тақырыптар аясында пікір бөлісті. Оларды жұмыспен қамту саласында белсенді пайдалануға болады.

Жер астындағы құбырлардың қайсысы қайда жатқанын дәл көрсететін аппарат та осы саммитте таныстырылды. Жоба Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылуда. Оның аясында жерасты коммуникацияларының интерактивті карталарын жасап шығарылмақ.

СЕЙІЛБЕК АСАНОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Осы жоба бойынша Қазақстанның ірі қалаларында жұмыстар жүргізілуде. Бұл технологияны қолдану барысында газ құбырларын салумен айналысатын компания осы технологияны қолдана отырып, бюджеттік қаржысынан 13% дейін тиімділік шығара білді.

Саммит аясында StartupDay, инновациялық жобалар байқауы өтті. Оған Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің жобалары қатысты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер