Қазақстанда экономиканың әр секторына әлемдік деңгейдегі инновациялар табысты енгізіліп келеді. Тағам өнеркәсібінде де нақты мысалдар бар. Қарағанды облысындағы нан зауыты өндіріс процесінде ақылды технологияларды қолданып отыр. Жоба индустрияландыру мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде іске қосылды. Нан-тоқаш өнімдерін әзірлеу процесі толықтай автоматтандырылған.

ПЕТЕР КИСКА, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ /СЛОВАКИЯ/:

- Мұндағы құрал-жабдықтардың қызмет ету мерзімі ұзақ. Ерекшелігі - автоматты жұмыс істегенімен қоса, өздігінен тазаратындығында. Бұл уақыт пен қаржыны үнемдейді.

Қазақстан мен ТМД аумағында, тіпті Еуропаның кей елдерінде бұл зауыттың баламасы жоқ. Жобаны іске асыруға 2 млрд теңгеден аса тікелей инвестиция бағытталды. Кәсіпорында жоғарытехнологиялық өндірісті жолға қоюға және қазақстандық құрамды сақтауға басымдық берілген. Мұнда тек жергілікті шикізат пайдаланылады.

ЕРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ЗАУЫТ ӨКІЛІ:

- Зауыттың бастапқы қуаты 35 тонна. Өнімдерімізді Сәтпаев, Жезқазған қалаларынан өзге, Қаражал, Жәйрем, Ұлытау мен Жездіге жеткізуді көздеп отырмыз.

Кәсіпорынның өндірістік қызметіне дуалды білім беру жүйесі де енгізілмек. Атап өтерлігі, Жезқазғандағы нан зауыты инвесторлардың Қарағанды облысының аумағында іске қосқан үшінші өндіріс ошағы болып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер