«Тоғызқұмалақ» жастарға лайықталып, заманауи тілге көшірілді. Енді көнеден келе жатқан зияткерлік ойын Android, Windows сияқты жүйелері бар кез келген ұялы байланыс құралы немесе компьютер арқылы қолжетімді. Ойынды онлайн түрінде меңгеруге әбден болады. Ой өрісті кеңейтіп, есептеу қабілетін дамытатын ұлттық ойынның электронды нұсқасын Еуразия ұлттық университетінің студенттері жасап шығарды. Өнертапқыштар қосымшаны көп платформалы болуы үшін жарты жыл тер төккен. Бұл – IOS жүйесіндегі тұңғыш бағдарлама. Қосымша ойнаушының талғамына сай ұлттық нақышта безендіріліп, дыбыстық қыстырмалар енгізілген. Жас ғалымдар қазақтың ежелгі ойынының ерекшелігін сақтай отырып, жаңа мүмкіндіктер енгізген. Мәселен, «Тоғызқұмалақтан» хабары жоқтар арнайы оқыту моделі арқылы үйрене алады. Құрастырушылар электрондық нұсқасы әлі жетілдірілетінін айтады. 

МАХМҰД  ҒАЛЫ, СТУДЕНТ:

 -   Көп деңгейлі жасанды интеллекттің модулі жасалған болатын. Ол 4 деңгейді қамтиды. Біріншісі, мүлдем ойынды ойнай алмайтын адамға қарастырылған. Екіншісі, сәл-сәл енді үйренгенге, үшінші, сәл күрделірек, ал төртіншісі – спорт шеберлеріне арналған деңгей. Сол дейгейді қазір біз дамыту үстіндеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер