eGov.kz электронды үкімет порталының мүмкіндіктері

eGov.kz электронды үкімет порталының мүмкіндіктері

eGov.kz электронды үкімет порталының арқасында 7 жыл ішінде  200 млн қызмет көрсетілген. Қолданушылардың саны 650 есеге артып отыр. 2009 жылы барлығы 10 мың 960 пайдаланушы болса, қазіргі таңда олардың саны 7 млн-ға дейін жеткен. Сондай-ақ, қазақстандықтарға барынша ыңғайлы болу үшін Telegram-бот та іске қосылды. Ол SMS хабарлама арқылы ең жиі тапсырыс берілетін 4 қызметті алуға мүмкіндік береді. Мекен-жай анықтамасы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы, сотталмағандығы жөнінде анықтама, жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама. Ол үшін бар болғаны мобильді азаматтар базасына тіркелу жеткілікті.

ӘСЕТ ТҰРЫСОВ, «ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - eGov.kz порталындағы ең сұранысқа ие 4 мемлекеттік қызметті жеке кабинетте өз нөміріңізді тіркеген соң алуға болады. Сондай-ақ телеграм бот арқылы жүйеге кіріп те алуға болады. E-mail-ге де жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Авторизация смс-код арқылы жүзеге асады. Алдағы уақытта өзге де қызметтерді осындай форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғындардың уақыттарын барынша үнемдейтін болады.